07.12.2016
Қазақстан 2016 жылғы 2 маусымнан бастап бір жылдық кезеңіне ГТК төрағасы қызметін атқаруда.Төраға ретінде Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-отырысының қарауына ГТК туралы қарар жобасын енгізді. Дауыс берудің нәтижесінде БҰҰ мүше мемлекеттердің дауыстардың басым көпшілігімен қабылданды (166 дауыс).
«Осылайша, 2004 жылдан бері БҰҰ БА шеңберінде қабылдану тарихында биылғы жылы қарарды мейлінше көп мемлекеттер қолдады. Осы уақиғаның тағы да бір өзгешелігі - 77 мемлекеттер қарардың тең авторлары болды», - деп хабарлады СІМ.
Қазақстан ГТК төрағасы ретінде режимнің жанжақтылығына және мүшелігін кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуі, баллистикалық зымырандарды ұшыру туралы алдын ала хабарландырулармен және ұлттық зымыран бағдарламалар туралы жыл сайынғы декларацияларды ұсыну арқылы мемлекеттер арасындағы сенімді арттыруда.
2002 жылда өз жұмысын бастаған ГТК Кодекстің негізгі қызметі – жоспарланатын баллистикалық зымырандарды ұшыру, олардың орны мен бағыты туралы алдын ала хабарландырулармен және ұлттық зымыран бағдарламалар туралы жыл сайынғы декларацияларды ұсыну арқылы қатысушы мемлекеттер арасындағы ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сенімді арттыру. Кодекске 138 мүше мемлекет қатысуда.
Қазақстан ГТК-не 2005 жылғы шілде айында мүше болды.