• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Жасыл» экономика  ел бюджетінің шығынын төмендетуге мүмкіндік береді – сарапшы 02.09.2017

Ақпараттық тур Қазақстан Үкіметіне жасыл экономикаға өту бойынша  жобаны жүзеге асыру аясында ұйыдастырылды.

Салтанат Рахымбекова айтып өткендей, оладырң ұйымдары жасыл экономика бойынша бастаушы  ұйымдардың бірі. БҰҰ даму бағдарламасы Қазақстанның маңызды серіктестірінің бірі, олар әртүрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы «жасыл» экономиканы тиімді ете түседі.

«Төрт жыл өтті, осы уақыт аралығында біздің ел «жасыл»  экономикаға көшу туралы жариялады. БҰҰ ДБ, ЕҚЫҰ сынды халықаралық ұйымдардың көмегімен  ел қоғамы «жасыл» экономикаға қызығушылық танытып, жобаларға назар аудара бастады. ШҚО «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру бойынша ең белсендісі болып отыр. 4 жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, 20 жобаны жүзеге асырдық», - деді С.Рахымбекова.

Ол айтып өткендей, «жасыл» экономика бойынша отандық инновациялық жобалардың болуы өте маңызды.

«Біз көптеген халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргіземіз. «Жасыл экономика» саласында отандық инновациялық жобалардың болуы өте маңызды. Сондықтан да біз ЭКСПО басталарға дейін «онлайн-ЭКСПО»  байқауын ұйымдастырдық. Біздің байқау Қазақстанда инновациялар бар екенін көрсетті», - деді ол.

Айта кетейік, ЖЭКЖ Қазақстандағы ірі халықаралық бастамалардың бірі болып табылады. Оны 2010 жылы Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын.

Қайрат Жандыбаев

Фото: автор

 

 


Back to the list