28.08.2017

Іс-шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, медицина, қайырымдылық, жасыл экономиа және энергетика, геоақпарат салаларындағы халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ Жібек жолы елдерінің электрондық коммерция және логистика мәселелері бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырады.

«Экспо көрмесіне байланысты, Қазақстанда көптеген маңызды іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгінгі форум алғаш рет өтуде және ол Жібек жолы бірлескен инновацияларының алғашқы халықаралық форумы болып табылады. Егер Жібек жолы бұрын халықаралық сауда көпірі болса, енді ол инновациялар мен экологиялық ынтымақтастық көпіріне айналып келеді. Тұрақты даму мақсаты жалпы әлемдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған және әрине Жібек жолы осы жаһандық жобаға өз үлесін қосады», - деді G-Global «жасыл» экономика және даму үшін коалициясының төрайымы Салтанат Рахымбекова.

Сондай-ақ ол ЭКСПО аумағында «жасыл» технологиялар халықаралық орталығын ашу жоспарланып отырғанын қосты.
«Біз Астанадағы негізгі іс-шаралар аясында бұл халықаралық инновациялар форумы одан әрі жалғасын табатынына сенеміз, себебі біздің қытайлық әріптестеріміз бүгінде бұл бастаманың одан әрі жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, 2015 жылы БҰҰ-ның 70-ші ассамблеясында Президент ұсынғандай, көрме аяқталғаннан кейін бұл ЭКСПО инфрақұрылымында құрылуы тиіс «жасыл» технологиялар, инновациялар халықаралық орталығын құруға үлесін қосады деп үміттенеміз», - дп қосты С.Рахымбекова.

Сонымен қатар, ол келіссөздердің қорытындылары бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Бүгін 9 меморандумға қол қойылады, олардың барлығы инновацияларды қолдауға, трансфертке, тираждауға, енгізуге, инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тартуға қандай да бір дәрежеде ықпал етеді. Дәл осы меморандумдар барлық белгіленген міндеттерді шешуге жәрдемдеседі», - деп қорытындылады С.Рахымбекова.

Еске сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) павильонында Қытай кәсіпкерлерінің балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалармен кездесуі өтті. Осы күні қайырымдылық аптасы басталды, оның аясында күн сайын 20 баладан ЭКСПО көрмесіне барып, мектепке арналған заттар алады.
Қайрат Жандыбаев