• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  жасыл технологиялардың 7 бірегей  орталығы ашылады 03.03.2017

 Бүгінде елімізде осындай бірегей 7 орталықтар   келесі облыстарда бар:  Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан.

Алғашқы жас технологиялар орталығы 2015 жылы қыркүйек айында Аршалы ауданының Арнасай ауылында ашылған болатын. Оның басшысы Татьяна Немцанның айтуы бойынша, бүгінгі күні аталған орталық оның қабырғасында елдің барлық өңірлерінен, сондай-ақ шетелден келген қатысушылар білім алатын бірегей нысан. «Мұнда қатысушылар 35 «жасыл» технологиялардың  іске асырылуымен танысу мүмкіндігіне ие болады. 2015-2016 жылдар аралығында барлығы 4000-нан аса қатысушылар білім алды», - деп атап өтті спикер.

2016 жылы Алматы облысының  Қарасай батыр ауданында «EcoFermer» Білім орталығы» ЖШС-пен бірлескен  «EcoFermer» шаруа қожалығы базасында аттас жасыл технологиялар орталығы ашылған болатын. «Мұнда Фермерлер, саяжай иелері, жылыжай жұмыскерлері, ауыл тұрғындары және т.б. оқу курстарынан өтеді. Аталған орталықты құру мақсаты адамзат пен табиғатқа залал келтірмей, шығындарды қысқарта отырып, табыстылықты арттыра отырып, «жасыл» технологиялардың жұмысын тәжірибе жүзінде көрсету. Мұнда биогазды жабдықтар, күн энергетикасы, калифорниялық құрттардың көмегімен органикалық қалдықтарды қайта өңдеу жабдықтары орнатылған. ЖТО қызметінің негізгі бағыттары: экоқұрылыс; баламалы энергия көздері, фермерлік, мал шаруашылығы; өсімдік шаруашылығы; омарташылық,; биобақылау және т.б.», - деп мәлімдеді «EcoFermer» ЖТО басшысы Денис Тен.

2016  жылғы 1-ші қыркүйектен бастап Қостанай қаласында «Золотой фазан» керуен сарайының» демалыс базасында «Жасыл тәжірибешіл алқасы» қоғамдық бірлестігінің білімін тарату орталығы өз жұмысын бастады. Бизнестің қолданыстағы нысандарында ЖЭК инновациялық технологияларды енгізу және жаңғыртудың бастамашылдары кәсіпорын басшысы Галина Шнайдер болып табылады. «Бүгінгі күнде аталған демалыс базасы Қостанай облысындағы жасл технологияларды тарату мен қолданудың эксперименттік алаңы болып табылады. «Жасыл тәжірибешіл алқасы» қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты өңірде жасыл энергияны енгізу мен дамытудың тұрақты Аймағын құру болып табылады және тек тиімді географиялық орналасқан жерін ескерумен ғана емес,  керісінше Астана – Бейжің – Мәскеу автожолының қиылысында», - деп атап өтті баспасөз конференция барысында Галина Шнайдер.

Солтүстік Қазақстан облысында жасыл экономика Коалициясымен бірлесіп «Стрелец АВ» ЖК 2016 жылғы қараша айында ашылған болатын. «Стрелец АВ» ЖК базасында СҚМУ-мен бірлесіп экологиялық таза көкөністер өсіру жөнінде ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі.

«СҚО бойынша ЖТО негізгі артықшылықтары Қазақстанда Грин –Пикъ концерн технологиясы бойынша Старатель жауын құртының көмегімен топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру бойынша құрт өсіру технологиясын ресми енгізушілердің алғашқыларының бірі болып табылады. Химиялық тыңайтқыштарды қолданбай шығарылған өнім бүкіл қазақстан бойынша өзін жоғары деңгейде көрсетті және жоғары бағада үлкен сұранысқа ие болды», - деп атап өтті «Солтүстік Қазақстан облысы» ЖТО басшысы Андрей Стрелец.


Back to the list