03.02.2017
«Аманат» қоғамдық тану сыйақысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан және қызметі жасампаз еңбекке, игілік пен ақыл-парасатқа негізделген жалпы адамзат құндылықтарын нығайтуға көмектесетін адамдарды көтермелеуге арналған.
Ұйымдастырушы G-global халықаралық хатшылығы сүймелдейміз. Мен осы Сыйақы Республика бойынша өз иелерін табады және еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық, мәдени өміріне жарық үлес қосқан адамдарға бұйырады деп сенемін»,- деп атап өтті Салтанат Рахымбекова.
Сыйақыны алуға үміткерлерді үкіметтік емес ұйымдар ұсынады. Сыйақы «Бабалар аманаты», «Шынар», «Бекзат», «Арыс», «Қайнар», «Дегдар», «Жігер» номинациялары бойынша ұсынылады.
2017 жылғы 1 мамырына дейін өтінімдер қабылданады. Өтінімдер облыстар, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалардың қоғамдық кеңестерінің негізінде құрылған Ұйымдастырушы комитетіне беріледі.