• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда әйелдер арасында «жасыл» технологиялар жобаларын қолдау бойынша байқау жарияланды 22.01.2015

«Жоба жұмыссыз әйелдерді  теориялық және тәжірибелік біліммен қамтамасыз етуге, «жасыл» технологияға негізделген өз ісін ашуда кеңестер беруге бағытталған. Екіншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту болып табылады. Сондай-ақ, «жасыл» технологияны ауылдар мен қалаларға енгізу болып табылады», - деді А.Сүлейменов.

Аталмыш жоба жұмыссыз әйелдерді қолдау ретінде 3-ші жыл жұмыс істеуде. «Жоба аясында үш эксперимент алаңы ұйымдастырылды – кондуктивті күн кептіргішін жүзеге асыруда Ақмола облысы, амарант мәдениетін өсіру, биогумус алу үшін Алматы облысы таңдалды», - деді ол.

Жалпы, жоба жүзеге асқалы бері 12 әйел өз істерін ашты. Сондай-ақ, өткен жылы байқау республикалық деңгейге шықты.

Байқау қорытындысы бойынша 9 жеңімпаз іріктеліп алынды, әрбірі 700 000 теңге қолдау ретінде алады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, республикадлық байқауға өтінім қабылдау 2015 жылдың 1-ші наурызына дейін жалғасады.

Камила Амирова


Back to the list