04.11.2014
«Көп жылдар бойы аталмыш форум Еуропа мен Америка елдерінде өткізіліп келді. Биыл, ұйымдастыру комитетінің шешімімен, әлемдік деңгейдегі шара БҰҰ «Академиялық әсер ету» бағдарламасының жаһандық хабын басқаратын Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қабырғасында ұйымдастырылады. Шара адамзаттың жаһандық қатерлерін шешуге бағытталған жаңа парадигмаларды дайындау мен жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық сарапшылар, танымал қоғам және мемлекет қайраткерлерінің әлемдік диалогтық алаңына айналмақ», - делінген хабарламада.
Қазақстанда өткізілетін конференцияның басты ерекшелігі берілген тақырыптың Мемлекет басшысының бастаған жаһандық диалог бойынша «G-Global» ақпараттық-коммуникациялық платформасында талқылануы.
«Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығының хабарлауынша, Алматы кездесуі дамудың жаңа парадигмасын іздестіру мен заманауи бейбітшілік құралын жетілдіруді талқылау мен терең зерттеуге арналған қоғамдық және ғылыми-оқыту қауымдастығының ауқымды халықаралық орталарының өкілдерінің басын қоспақ.
Атақты шетелдік және отандық сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әлемдік деңгейдегі оқымыстылар білім беру реформасы, ғылымның әлеуметтік жауапкершілігі, экономика мен экологияның интеграциясы, жұмыспен қамту, құқық үстемдігі, әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері туралы ойларын ортаға тастамақ.
Хабарламада айтылғандай, ҚазҰУ-мен қатар шараны ұйымдастыруға Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясы, Дүниежүзілік университеттер консорциумы ат салыспақ.