• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
G-Global ақпараттық-коммуникативтік платформасы шетелдік бизнес-көшбасшыларына таныстырылды 01.10.2014

Әлемнің 35 кәсіпкері республика аумағындағы жобаларға инвестиция құю мүмкіндігін қарастыру бойынша экономиканың түрлі секторларының инвестициялық әлеуетін бағалауға және халықтың мәдениеті мен тарихын зерттеу мақсатымен елімізге келді.

«Қазақстанға бұл кәсіпкерлердің келуіне жаңа идеялар, батыл қадамдар мен бірінші сыныпты бизнес желілермен айналысатын іскерлік әлемнің көшбасшылары мен жетекшілеріне арналған әлемдегі атақты YPO ұйымы мұрындық болып отыр», - деп хабарлайды «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы.

Естеріңізге сала кетейік, YPO ұйымы 1950 жылы құрылған. Бүгінгі таңда әлемнің 125 елінің 21000-ға жуық табысты жетекшілерінің басын қосып, әлем бойынша 400-дей бөлімше ашқан. YPO Intercontinental YPO ұйымының ең ірі бөлімшелерінің бірі. Оның мүшелері арасында көлік саласындағы инновациялық шешімдер ұсыну мен өндірудегі әлемдік көшбасшы болып табылатын атақты Bombardier Inc компаниясының президенті Pierre Beaudoin (Канада), Este Lauder ғарыштық корпорациясының төрағасы Leonard Lauder (АҚШ), Coors Brewery әулетінің мүшесі Pete Coors (АҚШ), C.H.Boehringer Sohn AG & Co басшысы von Baumbach Hubertus,  Escada корпорациясының төрағасы Aditya Megha Mittal (Үндістан/Ұлыбритания) және басқа да бизнес көшбасшылары бар.


Back to the list