02.09.2014
«Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығының хабарлауынша, таныстырылымда G-Global командасы жаңа ақпараттық-коммуникативтік платформа сипаттары мен платформаның жұмыс істеу шарттары туралы айтты.
Атап айтар болсақ, G-Global командасы сарапшысының айтуынша, G-Global жаңа ақпараттық-коммуникативтік платформасы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тіркелетін болады. Сессияның үйлестірушілері мен модераторлары өз жобаларын өздері басқарып, қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізе алады.
Жаңа ақпаратты-коммуникативтік платформаның ресми іске қосылуы 2014 жылдың 7 қыркүйегіне жоспарланып отыр.