22.05.2014
«Бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-не әйелдердің үлесі 40%-ға жуықтады. Парламенттегі әйелдердің үлес салмағы 30%-ға жақындады. Елдің вице-премьері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері қызметтерін нәзік жандылардың атқарып отырғаны біз үшін мақтаныш», - дейді Р.Сәрсембаева.
Оның айтуынша, қазірде Үкіметте 3 министр, 6 вице-министр, 6 жауапты хатшы, 4 биліктің орталық атқарушы органы аппараты жетекшісі, 2 Премьер-Министр Канцеляриясы жетекшісі орынбасары, 8 облыс әкімі орынбасарлары әйелдер болып табылады.
«Аталмыш «G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдердің рөлі» халықаралық әйелдер форумы әйелдердің рөлін күшейтіп, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің кәсіпкерліктеріне әйелдердің қатысуына да мүмкіндікті молайта түспек», - дейді ол.
«Қазақстандық үкіметке шағын және орта кәсіпкерліктің берері мол. Осы тұрғыда Үкімет ШОБ дамыту үшін 1 мрлн теңге бөлсе, экономиканың бұл саласында әйелдер үлесінің жоғары екенін айта кету керек. Осы инвестицияның арқасында елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде әйелдердің маңызы арта түседі деген сенімдеміз», - дейді.
Мадина Нұрбекова