21.05.2014
«Өткен жылы әлемдік экономика көрсеткішіндегі 3 пайыздық қана өсімге қарамастан 2007 жылдан бастап әлемдік экономика жаһандық лицензия мәселесін шеше алмай келе жатыр. Сонымен қатар, дағдарыстық өсімнің де толастар түрі байқалмайды. Жаһандық деңгейдегі шешім болатын әлдеқандай тетіктер мен жолдар да бүгінге дейін дайындалмады»,- дейді Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, жаппай жұмыссыздық мәселесі де экономикалық өсімді кері тартатын факторлардың бірегейі болып табылады.
«Осының барлығы шиеленісті әлеуметтік қақтығыстарға алып келеді. Тұрақсыз аймақтар мен енді аяққа тұрып келе жатқан елдерде осы себептер әлеуметтік тұрақсыздыққа жол ашып отыр», - дейді ол.
Б.Сұлтановтың айтуынша, біз қазір өтпелі кезеңдеміз, оған әлемдік экономиканың бүгінгі жайы куә.
«Әлемдік сарапшылар қауымдастықтары жаһандық кездесулер өткізіп, әлемдік валюталық жүйені талқылап, қаржы экономикалық дағдарыстың алдын алу шараларын қарастырып, жаһандық реформа жасайтын уақыттың жеткенін айтып дабыл қағуда», - деді ол.
Оның пікірінше, G20-ның өткізген 20 саммитінен аталмыш диалогқа экономикалық деңгейі мен ықпалына қарамастан БҰҰ мүше мемлекеттердің барлығының қатысу қажеттілігін көрсетті.
Мадина Нұрбекова