• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АЭФ аясында экономикалық саясатқа қатысты  панельдік сессия өтеді 19.05.2014

Айта кетейік, мамырдың 21-23 аралығында еліміздің бас қаласында VII Астана Экономикалық Форумы өткізілмек. Оның шеңберінде жетекші сарапшылар мен іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен панельдік сессиялардың біртұтас кешені жоспарланған. Олардың бірі мамырдың 22-і күні сағат 14.30-дан 16.30-ға дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қолдауымен ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сүйенсек, панельдік сессияға қатысушылар елдің бәсекеге қабілетті үлгісін және оны ұзақ мерзімді дамыту жолында постиндустриалдық әлемнің талаптарына жауап беретін идеологиясын қалыптастыру тақырыбын талқылайды.

Шараның меймандары нарықтары қалыптасуға бет алған елдерге негізгі трендттер мен жаһандық даму қауіп-қатерлерінің әсерін бағамдау, оның ішінде Еуразиялық өңір елдері жаңғыруының негізгі басымдықтарын анықтау міндетін жүктеп отыр

Панельдік сессияның қорытындылары бойынша жиынға қатысушылардың экономиканы жаңғырту жағдайында елдердің экономикалық және әлеуметтік саясатының жалпы бағыт-бағдары қалыптасады деп күтіліп отыр. 


Back to the list