05.05.2014
«Осындай іс-шараны тұрақты түрде өткізіп тұру идеясы ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың дәстүрлі халыққа жолдауын зерттеу барысында пайда болды»,- дейді ұйымдастырушылар. Жолдауда қоғам дамуындағы әйелдердің маңызды рөлі, экономиканың сәтті дамуы, әлеуметтік шиеленістің төмендеуі мен тұрғындардың өмір сүру жағдайы артуы үшін шағын және орта бизнес, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген.
Әлемдегі халықтың 50%-дан астамын әйелдер құрайды және олардың өзі тұратын, балалары өмір сүретін қоғамға көзқарасы немқұрайлы емес. Әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қажетті шарттарды мойындап, қамтамасыз етуші елдер дұрыс бағытта келеді. Қазақстан Республикасының гендерлік тең құқықтық мәселелесіндегі жетістіктерін халықаралық қауымдастық мойындаған. 2013 жылы жүргізілген жыныстық тең құқықтық деңгейі рейтингінде Қазақстан 136 ел арасында 32-ші орынға ие болды.
«G-Global – жаңа экономикадағы әйелдер рөлі» Халықаралық Әйелдер Форумының мақсаты – әйелдер әлеуетін дамыту, инвестиция мен инновацияларды тарту, сонымен қатар Астанада болатын ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің әйел-кәсіпкерлерін қатыстыру үшін жүйелі түрдегі дайындық жұмыстарын жүргізу, деп форум ұйымдастырушылары хабарлады.
Форум бағдарламасы екі секциядан құралған – «Әйелдердің саяси және экономикалық мүмкіндіктері» және «Орталық Азия және Ауғанстан әйелдерінің рөлі».
Форумда ашық пікірсайысқа көрнекті сарапшылар мен қонақтар қатысады. Ауғанстанның әйел істері жөніндегі министрі – Хасан Бану Газанфар, Қырғыз Республикасы Парламенті депутаты – Алтыбаева Айнуру, Өзбекстан Республикасы Заң шығарушы палатасы Мәжіліс депутаты – Ниязова Джамиля, Түрікменстан Республикасы Мәжіліс депутаты - Казакова Джерен Нурыевна, Қазақстан Республикасының Украинадағы құрметті консулы – Маслюк Галина Дмитриевна осы Форумға қатысатындықтарын растады.
Форум аясында Ассоциация әлемдік сарапшылар мен әйелдер қозғалысы көшбасшыларының шебер-кластары мен танымал бизнес-жаттықтырушылардың тренингтерін ұйымдастырады.