• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Вашингтонда G-Global таныстырылымы өтті 18.04.2014

Шараға жоғары дәрежелі қызметтегі делегаттар, ғалымдар, бизнесмендер және АҚШ мен түркі елдерінен  келген сарапшылар қатысты. Мегажоба G-Global таныстырылымы барысында VII Астаналық экономикалық форум мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның, сонымен қатар Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар конвенциясы жобасының жұмысы да ұсынылды.

Форум 4 сессиядан тұрды. Онда «Жаңа Жібек Жолы», Еуразиялық энергетикалық саммит, Трансатлантикалық сауда мен инвестицияның энергетикалық қауіпсіздік серіктесі, сонымен қатар АҚШ-ның  Орталық Азиядағы стратегиялық ынтымақтастығы жобаларына қатысты мәселелер қаралды.

Жыл сайынғы Түрік - Америкалық конвенция түркі мемлекеттермен АҚШ арасында саяси, әлеуметтік, экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған. Конвенцияны АҚШ-ғы түрік ұйымы ТАА (Түрік-Америкалық Альянс)  ұйымдастырды. Оған 6 аймақтық федерация мен кеңестер және 200-ден астам қоғамдық қауымдастықтар, көптеген мәдениет пен диалог орталықтары, бизнес-қауымдастықтар мен оқу орындары кірген. 


Back to the list