08.04.2014
Бұл шараның мақсаты мемлекеттердің басқару үлгісін жаңғырту, сондай-ақ функциялары мен процестерді қайта құрылымдаудың тәсілдері жөнінде талқылап, тәжірибе алмасуы болмақ.
Өткізілетін шараның тиімді жағы салық органдарындағы бизнес процестерін тиімдірек басқаруды қамтамасыз етудің тәсілдері мен инновациялық құралдары жөнінде ұсыныстар жасау болмақ, деп шараны ұйымдастырушылар хабарлады.
Кәсіпкерлік процестерді тиімдірек басқаруды қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары. Кәсіпкерлік процестерге өзгерістер мен жаңалықтар ендіру мәселелері мен қиындығы.
Сессияның талқылауына ұсынылған мәселелер бойынша бизнес-процестерді басқаруға қатысты бастамаларды жасаған немесе жүзеге асырған сарапшылар, мемлекеттік салық қызметінің жетекшілері, Нобель сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері келіп, пікірталастың негізгі қатысушылары болады.