05.12.2016
Елші баяндама аясында Қазақстан қызмет саласының дамуына үлкен мән беретіндігін айтты, ол бүгінде ел ЖІӨ-сінің 54 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қызмет саудасын ырықтандыру экономиканың маңызды секторын дамыту мен елдің инвестициялық әлеуетін арттыруға ықпал етті.
Ж. Айтжанова ДСҰ Хатшылығы ұйымдастырған оқыту курсы аясында қызмет нарығына қолжетімділік бойынша қазақстандық келіссөздердің тәжірибесі туралы баяндап, Қазақстан Үкіметінің аталмыш саладағы жұмысы туралы айтып өтті.
ДСҰ-ға ену бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан елдерді Қазақстанның ұлттық қызығушылықтарды қорғау бастамасы мен келіссөз өткізудегі үйлестіру жұмыстары және Қазақстанның қызмет саласында инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері қызықтырды.
Айта кетейік, 2016 жылдың 30 қарашасында ҚР Дүниежүзілік сауда ұйымына енгеніне бір жыл толуын атап өтті.