07.11.2016
Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР-ның ДСҰ-ға ену келісімі аясында 10 ішкі келісім бар екенін айтты. Оның бірі мемлекеттік сатып алу туралы келісім.
«Бұл Қазақстан Республикасының ДСҰ-на кіруіне және өзіне бірқатар міндеттемелер алуына байланысты, олардың бірі ДСҰ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімінің байқаушы мәртебесін алу болып табылады.Қазақстан Республикасының байқаушы мәртебесін алуға ресми өтінімі ДСҰ Мемлекеттік сатып алу комитетінің кезекті отырысы шеңберінде бірауыздан дауыс беру арқылы 2016 жылғы 19 қазанда мақұлданды», - деді С.Ахметов.
Семинар жұмысына ЕҚДБ, ДСҰ Хатшылығының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысуда.
С.Ахметовтың айтуынша, қазіргі таңда бұл сала ҚР «Мемлекеттік сатып алулар» заңымен реттеуде, ол 2016 жылдың 1 қаңтарындағы Ұлт жоспарының 59-шы қадамын жүзеге асыру аясында іске асырылды.
Сарапшы айтып өткендей, ЕАЭО мен ДСҰ мүшелері өзге ұйымның талаптарын бұзбауы керек. Семинар аясында салыстырмалы сараптау жүргізілетін болады.
Ботагөз Айтжанова