23.01.2015
«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады», - деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, К.Мәсімов пен С.Мальстром Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жолындағы маңызды сұрақтарды қарастырды.
Кәрім Мәсімов атап өткендей, Қазақстан ДСҰ-ға кіру жолындағы жұмыстардың соңғы кезеңін аяқтауда.
Айта кетерлік жайт, тараптардың ДСҰ-ға ену Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қарым қатынасты одан ары нығайта түседі деген ойы бір жерден шықты.