21.10.2014
Жергілікті қамту дамыту саласының халықаралық мамандары семинарда Нигерияның өнеркәсібіндегі жергілікті қамту міндеттемелері, Еуропа елдері мен АҚШ тәжірибесі, Малайзияның әлемдік тәжірибесі негізінде мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардағы жергілікті қамту саясатын пайдалану туралы айтты.
«Қазақстанның ДСҰ-ға енуімен ұлттық мүддені ескере отырып халықаралық сауда ережелерін құруға қатысу мүмкіндігі пайда болады. Отандық тауар өндірушілер халықаралық құқықтық кеңістікті сәйкестендіруге еркін араласа алмады. Осы арқылы олар өз өнімдері үшін еркін тасымал мен сауда-саттықтағы алалаудан заңнамалық тұрғыда қорғалады», - дейді "NADLoC" АҚ басқарушы директоры Жанна Алиева.
Айта кетерлігі, ҚР Инвестиция және даму министрлігі «Индустриялды-инновациялық қызметтерді мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңына сай отандық тауар өндірушілерге қолдау танытатын жергілікті қамту саясатын дайындауға жауапты мемлекеттік орган болып табылады.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев