• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада экономикалық контрабандаға қарсы күрес бойынша өңірлік семинар басталды 29.09.2014

Қазақстандық Кедендік бақылау комитетінің орталық аппараты мен аймақтық бөлімшелерінің орта деңгейдегі 50-ден астам қызметкері мен олардың Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Украина елдерінен келген әріптестері Ұлыбританиядан келген тәжірибелі халықаралық сарапшылары жетекшілігінің қатысуымен заңсыз саудаға қарсы ұйым әдістерін талқылайды.

Қаржы барлауы, ведомствааралық ынтымақтастық және кедендік басқармалардың әріптестігі және табак, арақ-шарап өнімдері мен өзге де халықтық тұтыну тауарлары контрабандасы саласындағы қылмыстық істер бойынша жинақталған тәжірибе алмасуға қатысты мәселелерге назар аударылады.

«ЕЫҚҰ экономикалық-экологиялық өлшем қауіпсіздігі аясында кедендік қатынастарды дамыту мен қатысушы мемлекеттер арасындағы тұрақты ынтымақастық байланысты дамытуды ынталандырудың маңызды құралы ретінде кедендік процедураларды жетілдіру мәселесіне баса назар аударады. ЕЫҚҰ экономикалық контрабандаға қарсы күреске ерекше көңіл бөледі. Оған себеп аталмыш қылмыстың кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі», - дейді Астанадағы ЕЫҚҰ Орталығының Басшысы, елші Наталия Зарудная.

Айта кету керек, семинар мемлекеттік басқару және сауда-саттықты реттеу сапасын арттырудың бірлескен шаралары Орталығы қызметі аясында дисциплинааралық шара ретінде өткізіліп отыр.

Сонымен қатар ол Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге байланысты мәселелердің шешіміне бағытталған.

Индира Қауметова


Back to the list