02.06.2014
«Айта кетерлігі, Қазақстан,Беларусь ДСҰ-ға ену жолында табандылық танытады. Қазақстан бүгінгі таңда Дүниежүзілік сауда ұйымына ену туралы келісімге қол қоюға жақындап қалды», - дейді Ерлан Ыдырысов.
Оның айтуынша, қазақстандық сауда өкілдері АҚШ және Ресейдегі әріптестерімен Женевада кездесуді жоспарлап отыр. Онда Қазақстанның ДСҰ-ға енуін талқылау тәмамдалады деп күтілуде.
«Менің пікірімше, аталмыш отырыс оң жаңалықтарға толы боып, Қазақстанның ДСҰ-ға ену шарттары қаралмақ. Біз Еуропалық одақпен және АҚШ-пен бізге қолдау көрсетіп отырған Ресей үкіметімен әріптестікті жоймақ емеспіз. Аталмыш мәселе жақын арада шешімін табады деп үміттенеміз. Кейін Беларусьтің де ұйымға енуіне қол ұшын береміз. Өйткені ЕАЭО шеңберінде біздің мүддеміз бір жерде тоғысады», - дейді министр.