• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР-да 6 жыл өту кезеңі ішінде  ДСҰ тұрғысында заңды отандық қайта өңдеу саласына қолдау көрсету тәсілдері жасақталады - Ж.Айтжанова 08.04.2014

«Қазақстанның аумағында тіркелген және жұмыс істеп жатқан 10 экономикалық аймақтың резиденттері үшін  өту кезеңі 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін бекітілді. Кедендік одақ аясында дәл осындай келісім бар. Демек, біздің келісімдеріміздің арасында арақатынас орнатылады»,- деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда ДСҰ мүше негізгі мемлекеттермен келісім-шарттарда жер қойнауын пайдалануда қазақстандық қамту туралы келісім бар.

«Бізде жер қойнауын пайдалану - экономиканың негізгі секторы және шетелдік, отандық инвесторлармен келісімге отыру барысында тауарды немесе қызметті сатып алу үшін отандық жеткізушілермен және өндірушілермен жұмыс істеу туралы қазақстандық қамту шарты бар», - деп министр хабарлады.

Ол атап өткендей, қызмет көрсету бойынша жеңілдіктер ДСҰ енгеннен кейінде қала бермек.

«Бұл ДСҰ келісіміне қарама-қайшы келмейді. Ал, тауарға қатысты айтатын болсақ, ол ДСҰ негізгі келісіміне сай емес.  Сондықтанда біз ену үшін 6 жылдық өту кезеңі туралы келістік. Осы алты жыл ішінде біз ДСҰ қағидаттарына қарсы келмейтін баламалы және заңды отандық қайта өңдеу саласына қолдау көрсету тәсілдерін жасақтаймыз», - деп ол толықтырды. 


Back to the list