• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шығыс Қазақстаннан Ресейге бекіре уылдырығы экспортталады 06.10.2017

Шығыс Қазақстанда өңірдегі алғашқы бекіре фермасы ашылды. Мұнда Алматыдан 1,5 тонна құртшабақ әкелінген. Шабақтардың жылдам өсуі үшін бассейндер суды жылыту мен тазартудың автоматты жүйелерімен жабдықталды.  

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде хабарлағандай, технологтардың есептері бойынша, 2018 жылы кәсіпорын өндірістік қуаттылықтарына қол жеткізеді. Мұнда жылына 45 тонна ет өңделеді, ал уылдырық шығаруға 2022 жылдан бастап кіріспек. 

«Біздегі ет негізінен өңірге арналады. Себебі 45 тонна көп емес. Уылдырықты көрші ел - Ресейге экспорттауды жоспарлап отырмыз, кейіннен еуропаға да шығруымыз мүмкін», – деді бекіре фермасының директоры Рашид Альчинбаев.

 

Back to the list