06.10.2017
Көлік саласындағы интеграцияның белсенділігі артуда. Бүгіннің өзінде жүк тасымалы және жолаушылар тасымалы салаларында оң нәтижелер көрінуде. Сонымен, барлық көлік құралдары бойынша (құбырсыз) жүкайналымы Одақ бойынша 2010 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 16%-ға артты, ал жолаушыларайналымы 25%–ға өсті Бұл көрсеткіштер ЕАЭО одақ елдеріндегі көлік тиімділігінің өсімін дәлелдейді.
Ағымдағы жылы да оң нәтиже сақталып отыр. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айында мүше-мемлекеттердің барлық көлік құралдары (құбырсыз) арқылы жүкайналымы өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға, жолаушыларайналымы 7,4%ға артты.
ЕЭК хабарлағандай, ЕАЭО-да көлік саласындағы қызмет көрсетудің ортақ нарығын жасақтау бастамасы тауарайналымын арттыруға, жүк жеткізу жеделдігін көтеруге, қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Нәтижесінде көлік қызметтеріне ашық тариф жасақталады және транзиттік әлеует артады деп күтілуде.