• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы машина жасау саласының дамуына арнайы шаралармен қолдау көрсетіледі 05.10.2017

ЕЭК-те хабарлағандай, 2017 жылы ЕАЭО елдерінде дәнді және бұршақты дақылдардың егіс алқаптары  66,2 млн гектарға дейін ұлғайған. 

Бағдарлама іс-шараларымен ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Тигран Арутюнян Ресей агротехникалық форумы аясында таныстырды. 

ЕЭК салалық сарапшылармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қолдау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі шаралар кешенін әзірледі.  

«Саладағы импортты алмастыруды дамыту үшін жиынтықтаушы бөлшектер тізбесі дайындалды, сондай-ақ оларды оқшаулауды тереңдету үшін шаралар әзірленді. Олар инвестициялар тартуды, лизингке жабдық алуды субсидиялауды, жиынтықтаушы бөлшектердің сәйкестігін растауды қамтиды», - делінген ЕЭК хабарламасында.

Осы секторды дамытудың басым бағыты "бестік" елдері аумағында шетелдік жиынтықтаушы бөлшектер өндірісін ұйымдастыру болып табылады. 


Back to the list