• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО және Греция кәсіпкерлері қыркүйекте өтетін форумда кездеседі 06.09.2017

ЕЭК ақпараты бойынша, форумда кооперациялық жобалар мен өзара инвестициялар үшін мүмкіндіктер, сондай-ақ Грецияда шығарылатын тауарлардың техникалық реттеу, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау талаптарына сәйкестігі мәселелері талқыланады.  

«Форум – ЕЭК пен Греция Республикасы Үкіметінің ынтымақтастығы туралы 2017 жылғы 24 маусымдағы бірлескен декларацияның ережелерін іске асыру жолындағы алғашқы қадам. Біз ЕАЭО мен Греция кәсіпкерлері мен өнеркәсіп саласы арасындағы бизнес-диалог үшін кеңістік құруға тырысамыз және біздің жұмысымыз жаңа бірлескен жобаларға, елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне және анағұрлым тығыз экономикалық әріптестікке әкеледі деп сенеміз», - деді ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно.

Іс-шараның негізгі тақырыптарының арасында энергетика, көлік қызметтері саласындағы өзара іс-қимыл, логистикалық инфрақұрылымды, аграрлық және өнеркәсіптік өндірісті дамыту, инновациялық идеяларды іздеу бар. 

Форум «T.I.F. 2017» жыл сайынғы көп салалы көрме-жәрмеңкесі аясында өтеді. Биылғы көрменің құрметті қонағы Қытай Халық Республикасы болмақ. 


Back to the list