• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО еркін сауда аймағын құрады және өзара саудадағы кедергілерді жояды – Т. Саркисян 24.08.2017

«Біз шын мәнінде жас ұйымбыз және бізге әлі ұзақ жол жүруге тура келеді. Бүгін біз цифрлық экономика жайында айтып отырмыз. Барлық елдер, соның ішінде Қазақстан да цифрлық тәртіппен таныстырады, Ресей өз бағдарламасын бекітті. Кеше біз Қырғызстан, Армения мен Беларусьтің цифрлық тәртібін тыңдадық. Қытаймен біз цифрлық үйлесімділік туралы айтуымыз керек. Себебі бүгінгі таңда барлық тауарлар, көрсетілетін қызметтер транзиті цифрлық тұғырнамалар базасында жүзеге асырылады. Қытай еуропалық елдермен қарқынды түрде келіссөздер жүргізе бастады. Егер олар келіспесе, бұл Жібек жолы жобасын іске асыру үшін күрделі кедергі болады. Сол сияқты, біз де егер қазір Қытаймен цифрлық экономика стандарттары бойынша келіспесек, бұл біздің тәртібімізді іске асыру үшін, соның ішінде Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты тереңдету бойынша күрделі кедергі болмақ», - деп атап өтті ЕЭК алқа басшысы.

Осы ретте, Тигран Саркисян ЕАЭО кез келген сын-тегеуріндерге дайын болуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол алдағы жылдарда 7 елмен еркін сауда аймағын құру және өзара саудадағы кедергілерді жою ЕАЭО үшін басты бағытқа айналатынын хабарлады.

«Біз басқа елдермен ынтымақтастық жасауда екі нысанды анағұрлым белсенді қолданамыз. Бірінші нысан – бұл еркін сауда аймақтары туралы шарттар. Еуразиялық комиссияның жоғарғы кеңесі бізге 7 елмен келіссөз жүргізу үшін мандат берді. Қазіргі таңда біз Иран, Израиль, Үндістан, Сербия, Сингапурмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл біз айтып отырған еркін сауда аймағы туралы негізгі бағыттар», - деді Т. Саркисян. 

Төрағаның пікірінше, екінші формат – ЕАЭО-мен өзара іс-қимыл жасауға ниет білдіретін елдермен жасалатын меморандум.

«50-ден астам ел бізбен жұмыс жасауға ниет білдірді. Бұл формат жұмыс барысында екі жақтың негізгі экономикалық мүдделерін анықтауға мүмкіндік береді. Біз ынтымақтастық әлеуетін зерттейтін бірлескен жұмыс топтарын құрамыз», - деп қосты Т. Саркисян.

Еске сала кетейік, форум барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ЕАЭО бірыңғай цифрлық кеңістігінің әзірленіп жатқан жобасы туралы айтып берді. Ол Қазақстан өзінің цифрлық тәртібін белсенді түрде әзірлеп жатқанын атап өтті. Жалпы, ЕАЭО бірыңғай цифрлық кеңістігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, адамдар мен капиталдың еркін қозғалысын қолдайтын негізгі элементтердің біріне айналуы тиіс.

Ақбота Күзекбай


Back to the list