24.08.2017
Сонымен, форумға жетекші компаниялардың, ірі бизнес-қауымдастықтардың, дамыту институттарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Белорусь, Армения мен Қырғызстанның кәсіпкерлері қатысуда.
«Бұл алаң тапсырыс беруші кәсіпорындар, ірі жүйе құраушы кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, отандық тауарөндірушілер мен ЕЭО елдері кәсіпорындары арасында өзара тиімді ынтымақтастық қалыптастыруға көмектеседі», - деген сенімде ұйымдастырушылар.
Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев ашты. Сондай-ақ, ЕЭО елдері қатысушыларының өнеркәсіп саясаты мамандарының сөз сөйлеулері күтілуде. Қатысушылар тұрақты негізде Қазақстанға импортталатын жаңа өнім өндірісі бойынша ортақ ынтымақтастық қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін халықаралық серіктестерден іскерлік ұсыныстарды қарастырады.
Пленарлық сессиядан кейін, Қазақстанда алғаш рет субконтрактілер биржасы өткізілетін болады. Аталмыш алаң өндірушілердің өнім тұтынушыларымен өзара әрекеті үшін, сондай-ақ жаңа нарықтарға шығу үшін арналған. Бұл өз кезегінде бәсекеге қабылеттілікті жоғарылатып, шығарылатын өнім көлемі мен түрлерінің көбеюіне жәрдемдеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы өтуде, оның жұмысы барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО бірыңғай цифрлық кеңістігі жобасы туралы айтып берді.