• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 269 млн доллардың тауарын экспорттады 22.08.2017

 2017 жылғы қаңтар-маусымда  Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 580973,5 мың  АҚШ  долларын  құрады, оның ішінде экспорт – 269184 мың АҚШ  долларын, импорт – 311789,5 мың  АҚШ  долларын құрады.

 Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 81% құраса, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 14% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 14%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 27% әкелінеді.

 


Back to the list