• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО елдері алғашқы бірлескен ғарыш аппаратын әзірлеп, іске қосуды жоспарлауда 21.08.2017

«Жерді қашықтықтан зондтау ұлттық дереккөздері негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ғарыштық және геоақпараттық қызметтерін ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесін құру» интеграциялық жобасы іске асырылатын болады.

Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының ғарыш қызметі жөніндегі атқарушы билік органдарының өкілдері мен  Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жүйелерінің ұлттық операторлары, Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының сарапшылары, сондай-ақ «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттілік өнімдері» еуразиялық технологиялық тұғырнамасына қатысушылар дайындықтың ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерін талқылап, жоба бойынша ұсыныстар дайындаумен айналысатын бірлескен Жұмыс тобын құруды шешті.

«Топ жұмысы екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңде сарапшылар Одақ елдерінің ғарыштық және геоақпараттық қызметтерді ұсыну саласындағы ынтымақтастығы туралы халықаралық шарт әзірлеу қажеттігін анықтайды, сондай-ақ қолданыстағы көпжақты келісімдерді пайдалану мүмкіндігін қарастырады», - деп түсіндірді ЕЭК-те.

2018 жылғы қарашада аяқталатын екінші кезеңде ЕАЭО мемлекеттерінің мемлекетаралық бағдарламасы бойынша ұсыныстар әзірлеу көзделеді.

Интеграциялық жобаның негізгі нәтижесі ЕАЭО елдері экономикасының әр түрлі секторларының тұтынушыларын Жерді қашықтықтан зондтау өнімдерімен және ғарыш ақпаратымен қамтамасыз етудің тиімділігі мен сапасын арттыру болмақ. 


Back to the list