17.08.2017
«Еуразиялық апта» форумы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жыл сайынғы саммиті. Биыл форум 24-26-тамыз аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтеді. Форумның мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық, инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру. «Еуразия апталығы» форумы B2B форматындағы байланысты орнату, ЕАЭО-да құрылған бизнеске арналған құралдар мен жағдайларды талқылау, Одақтың стратегиялық дамуынына бағытталған тиімді жұмыстың тиімді алаңына айналады.
Форумда іскерлік және көрме бағдарламасы бар. Үш күнге созылатын форумда 17 мемлекеттін 250-ден астам спикер баяндама жасайды. Сонымен қатар ЕАЭО мүше мемлекеттерден 250-ден астам компания көрмеге қатысады. Бүгінде әлемнің 35 мемлекетінен қатысушылар тіркелді. Экономиканың 13 саласы бойынша пікірталастық іс-шаралар жоспарланған.
«Еуразиялық апта» қазіргі заманғы экономикалық жағдайдағы бәсекелестік; ЕАЭО кеңістігінде тауар, қызмет, еңбек пен қаржының бірыңғай нарығы, бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттары мен Одаққа мүше мемлекеттердің экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланады.
Естеріңізге сала кетейік, «Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО мен ЕЭК елдері өткізетін жыл сайынғы іс-шара. Форумды өткізу бастамасы 2015 жылдың мамыр айында ЕАЭО елдерінің бес премьер-министрінің шешімімен қабылданды. Форум B2B- және B2G-байланыстарын орнатуға септігін тигізетін іскерлік және экспозициялық бөліктерін қамтиды. Алғашқы «Еуразиялық апта» форумы 2016 жылдың қазан айында Мәскеу халықаралық форумының және «Ашық инновациялар» инновациялық даму шоуының алаңында өткізілді. Одақтың және үшінші елдердің (Вьетнам, Сингапур, Мысыр, Оңтүстік Корея, ЕО елдері) іскерлік және сараптамалық топтарының қатысуымен 16 тақырыптық іс-шара өткізілді. Форумның алаңында 40-тан астам спикерлер сөз сөйледі. Көрмелік бөлімінде Одақ елдерінің 43 экспоненті қатысты. Форумға 2 000-нан астам адам қатысты.