• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО елдері Индонезиямен ынтымақтастық орнатуда 09.08.2017

Тараптар  ЕЭК пен  Индонезия   арасындағы  мүмкін форматтар мен ынтымақтастық алгоритмін, әлеуетін талқылады.

Индонезия өкілдері  серіктестік  байланысты дамытудың маңыздылығын атап, ЕЭК-ке биылғы жылдың мамыр  айында Денпасарда өткен    «Еуразиялық  экономикалық одақ – Индонезия»  халықаралық семинарына қатысқанына алғыс білдірді. Аталмыш елдің  үкіметі ұйымдастырған шара  Индонезияға  ЕАЭО елдерінің  мақсаттары мен міндеттерін, бизнес-құрылымдарын таныстыруға мүмкіндік берді.

«Индонезиямен байланысты дамыту үрдіске қатысушылардың қызығушылығы, бұл бастаманы толық қолдаймын.  Біз екіжақты форматтағы ынтымақтастықты дамытуға  дайынбыз», - деді Татьяна Валовая.

Айта кетейік,  АСЕАН елдері  Одақ елдерінің негізгі серіктесі.  ЕАЭО елдері мен Вьетнам, Камбоджа  мен Сингапур арасында еркін сауда аймағы қалыптасқан.

Энггартиасто Лукита екіжақті байланысты тікелей кооперациялық байланысты дамытуды қолдап, ЕАЭС – АСЕАН іске қосылуына үлес қосатынын айтты.

Индонезияның сауда министрі  ЕЭК  интеграция және макроэкономика  жөніндегі министрін  жұмыс сапарымен Джакартаға келуге шақырды.

 


Back to the list