• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО елдерінде халықтың табысы артты 02.08.2017

Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мүше елдерінде 2017 жылдың қаңтар-маусым айларының ішінде атаулы жалақы көлемі артты.  Мүше мемлекеттердің ұлттық статистика органдарының хабарлауынша, Қазақстанда оның өсімі 5,1%, Беларусияда - 9,5%, Ресейде – 7,2%, Қырғызстанда – 5,5%, Армения – 1,3% құрады.   

ЕЭК мәліметі бойынша, орташа айлық атаулы жалақы доллармен есептегенде Ресейде 666 долл, Қазақстанда 455 долл, Беларусияда 405 долл, Арменияда 387 долл, Қырғызстанда 209 долл көрсетті.  

Осы ретте, азық-түлік бағаларының өскенін есепке алатын болсақ атаулы жалақы Беларусияда нақты 2,3%-ға, Қырғызстанда (қаңтар-мамыр) – 3,0%-ға, Ресейде 2,7%-ға өсті, ал Қазақстанда керісінше 2,4%-ға төмендеді және Арменияда өзгеріссіз қалды. 


Back to the list