• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
1 қыркүйектен бастап ЕАЭО-ның балық өнімі жөніндегі техрегламенті күшіне енеді 01.08.2017

Техрегламентті тұтынушылардың өмірі мен денсаулығын қауіпті, сондай-ақ жалған өнімнен қорғау үшін Одақтың бес елінің үздік ғалымдары ЕЭК-пен бірлесіп әзірледі. Құжатта қатырылған балық пен балық өнімдеріндегі мұз массасы туралы нақты деректер қамтылады.  

«Көптеген кәсіпкерлер пайданы қуамыз деп, балық өнімдерін қатыратыны соншалықты, сатып алушылар не үшін ақша төлейтінін де түсінбейді - балық үшін бе әлде мұз үшін бе. Енді балық массасы қаптамада мұз массасынан бөлек көрсетіледі, ол үшін нақты шекті рұқсат етілген сандар белгіленген», - деп түсіндірді Комиссияда.

Құжат балық өнімі айналымының барлық кезеңдерін қадағалап, қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. Онда тұтынушыларды қорғауға бағытталған және бизнес үшін нақты ережелерді айқындайтын жаңалықтар көп. 

ЕЭК министрі атап өткендей, балық өңдеу кәсіпорындары техникалық регламент күшіне енгенге дейін ресімдеген балық өнімінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2019 жылдың 1 қыркүйегінен аспайтын мерзімге дейін қолданылады. 


Back to the list