• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шығыс Қазақстан ЕАЭО елдеріне 92 млн доллардың тауарын экспорттады 31.07.2017

«(Ресей Федерациясымен – 79,7, Беларусь Республикасымен – 0,5, Қырғыстан Республикасымен – 11,8 млн. АҚШ доллары), импорт 431,4 млн. АҚШ долларын (Ресей Федерациясымен – 379,4, Беларусь Республикасымен – 13,4, Қырғыстан Республикасымен – 38,6 млн. АҚШ доллары) құрады», - делінген хабарламада.

2017 жылғы мамырдағы статистикалық есеп деректеріне сәйкес Ресей Федерациясына 16,60 млн. АҚШ доллары сомасына экспортталды, 105,0 млн. АҚШ долларына импортталды.  Экспорттың негізгі үлесі тауарлардың мынадай түрлеріне келеді: қымбат бағалы емес металдар мен одан бұйымдар – 50,1%, машиналар, жабдықтар мен механизмдер; электротехникалық жабдық; оның бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық кескін мен дыбыс жазуға және шығаруға арналған аппаратура, оның бөліктері мен керек-жарақтары – 21,1%, минералды өнімдер – 12,8%, өсімдік тектес өнімдер – 9,0%. 

Облысқа Ресей Федерациясынан келетін импорттың негізгі үлесі мынадай тауар топтарынан құралған: машиналар, жабдықтар және механизмдер; электротехникалық жабдық; оның бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық кескін мен дыбыс жазуға және шығаруға арналған аппаратура, оның бөліктері мен керек-жарақтары – 38,9%; минералды өнімдер – 22,9%; бағалы емес металдар және одан бұйымдар – 6,6%, пластмасса және одан бұйымдар – 5,4%; тастан жасалған бұйымдар – 3,3%.

2017 жылғы мамырда Беларусь Республикасымен арадағы экспорттық операциялар 0,2 мың АҚШ долларын, импорт бойынша тасымал 2,9 млн. АҚШ долларын құрады. Шығыс Қазақстаннан машиналар, жабдықтар, механизмдер мен оның бөліктері – 57,2%, химия және онымен байланысты өндіріс саласының өнімдері – 41,4% экспортталды. Облысқа импорт бойынша түсімдердің негізгі үлесі мынадай тауар атауларынан қалыптасты: пластмасса және одан бұйымдар – 72,3%, машиналар мен жабдықтар – 10,0%, химия және онымен байланысты өндіріс саласының өнімдері – 5,7%.

Ағымдағы жылғы мамырда ШҚО-ның Қырғыстан Республикасымен өзара сауда көлемін құрады – 2,2 млн. АҚШ доллар сомасындағы экспорттық операциялар, импорт - 8,4 млн. АҚШ долларды құрады. Соның ішінде өсімдік тектес өнімдер – 68,3%, пластмасса және одан бұйымдар; каучук, резеңке және одан бұйымдар – 12,6%, минералдық өнімдер – 9,9%-құрады. Импорттың негізгі бөлігін минералдық өнімдер - 99,2%-ды құрады.

 


Back to the list