• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО-да онлайн-дүкендерге қойылатын талаптар заңнама түрінде бекітіледі 15.06.2017

ЕЭК-те  Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қашықтықтан өткізу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясат жүргізуінің жалпы тәсілдері талқыланып, мақұлданды. 

«Комиссия әзірлеген тәсілдер үздік ұлттық және халықаралық практикаларға негізделетін болады. Біз Одақ елдерінің тұтынушылары тауарлар туралы қажетті және дұрыс ақпаратты уақтылы алуын қалаймыз. Бұл оларға дұрыс таңдау жасауға және интернет арқылы сатып алынатын тауарлардың сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді », - деп хабарланды ЕЭК-те.  

Құжатта ЕАЭО елдерінің онлайн-дүкендеріне қойылатын талаптардың алдын ала тізбесі қалыптастырылды. Онда тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері мен техникалық сипаттамалары, бағасы мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты қоса алғандағы мәліметтер, тауардың кепілдікті мерзімі (бар болса), жұмыс істеу мерзімі немесе жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер болуы тиіс. 

Сатып алу-сату шартын жасағанға дейін сатып алушы интернет-сатушыдан келісім жасау шарттары, мерзімі және тәртібі туралы ақпарат алады. 

ЕАЭО елдерінің ұлттық заңнамасында әрбір мүше мемлекеттің аумағында Одақ елдері азаматтарының тұтынушылық құқықтарын тең дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ережелерді қарастыру ұсынылады. Сондай-ақ, дауларды қашықтықтан реттеу және тұтынушымен шарттарды ресімдеу талаптары мен тәртібіне, шарттарда көрсетілетін мәтін қаріпіне және ақпаратқа қойылатын талаптарды белгілеу мүмкіндігі де көзделеді. Бұдан бөлек, ЕАЭО елдері сатып алушыға тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық әрі дұрыс ақпарат ұсынбаған сатушының жауаптылығын айқындайтын болады. 

Жалпы тәсілдер еркін өткізілуі ұлттық заңнамамен тыйым салынған немесе шектелген тауарларды қашықтықтағы тәсілмен трансұлттық сатуға жол бермеуге бағытталған. Осы мақсатта Одақ және ЕЭК өткізуге қандай да бір ұлттық тыйым салулар мен шектеулердің болуы туралы мәлімет алмасады. 


Back to the list