16.05.2017
ЕЭК-тен хабарлағандай, мектепке қатысушылар еуразиялық интеграцияның проблемаларын кәсіби тұрғыда зерттейтіндер мен сол тақырыпта жазып жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен өзгеде әлем елдерінің жас сарапшылары, ғалымдар мен журналистер.
ЕЭК Комиссия қызметін сарапшылар, ғылыми және медия қоғамның арасында насихаттау үшін ұдайы оқыту бағдарламаларын өткізеді. Сонымен, 2016 жылдың қарашасында Мәскеуде «Күзгі мектеп» өтті, ол еуразиялық интеграцияның басымдықтары мен құралдарына арналды. «ЕАЭО: әрқайсысы үшін интеграция. 2025 жылға дейінгі әсер мен әлеует» – 2016 жылғы мектептің оқыту тақырыбы.
Бұл мектеп осымен үшіншісі. Бұл жолы басымдылық ЕАЭО халықаралық ынтымақтастығына берілген.
ЕЭК-тен атап өткендей, жобаның мақсаты сарапшыларды, ғалымдар мен журналистерді Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысымен кеңірек таныстыру.
Мектеп спикерлерінің ішінде – халықаралық экономика мен халықаралық қатынастар саласындағы ЕЭК өкілдері бар. Сабақтар бір апта бойы өткізіледі.