• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕЭК Комитеті ЕАЭО жалпы қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын мақұлдады 10.05.2017

«Кеңес үкіметінен кейінгі кезеңде біздің елдер өздерінің ұлттық қаржы жүйелерін өз ұғымдарына сүйене отырып құрған. Енді барлық тараптар үшін өзара пайда мен мүдделер теңгерімін ескере отырып, оларды үйлестіру керек. Бүгінде біз Одақтың жалпы қаржы нарығын құру жолында алғашқы маңызды қадам жасап отырмыз», - деп атап өтті ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян.

ЕЭК Тұжырымдаманың бірінші редакциясын әзірлеп, кейін құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, ұлттық (орталық) банктеріне талқылау үшін ұсынылатын болады.

Тұжырымдама жалпы қаржы нарығының негізгі мақсаттары мен жұмыс істеу қағидаттарының, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері мен ұлттық (орталық) банктерінің және Комиссияның ақпараттық және әкімшілік өзара іс-қимыл жасау нысандары мен құралдарының, бірыңғай нарықтың құқықтық және нормативтік базасының сипаттамасын қамтиды.

Жалпы, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы заңнамасын үйлестіру жоспарының жобасы мақұлданды. 


Back to the list