21.04.2017
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Саадат Асансеитова ЕАЭО-ның 2016 жылдағы қызметінің нәтижесімен, оның даму тенденциясы мен мүмкіндіктері, сонымен қатар, чех бизнесі үшін ашылып отырған тың мүмкіндіктер жайлы айтып берді.
Атап айтқанда, іскерлік орта өкілдерімен экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру, ЕАЭО елдерінің сауда айналымы, Еуроодақ елдері мен Чехия арасындағы сауда байланысы туралы бөлісті.
Бұдан басқа, ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық одақтың жеткен жетістіктерімен таныстырып, халықаралық қызметіне кеңірек тоқталды.
Конференцияға Чех Республикасындағы Армения, Беларусия, Қазақстан мен Ресей елдерінің елшілері, сауда өкілдері мен Чехия мемлекетінің депутаттары, бизнес қауымдастығының өкілдері мен мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері қатысты.
Прагаға жұмыс сапары аясында Саадат Асансеитова Чех республикасының сыртқы істер министрі Мартин Тлаппен, ЧР Өндіріс және сауда министрлігі сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Мартин Поспишилмен кездесулер өткізді.