08.04.2017
Форум барысында көкөніс шаруашылығын дамыту және саладағы серіктестік байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Көкөністер ЕАЭО елдері үшін сезімтал тауарлар қатарына жатады, олар бойынша еуразиялық болжамды балансы құрылады.
С. Бубен атап өткендей, одақтағы көкөністер өндірісінің өсімі артады.
«Көкөністерді арнайы жылыжайларда өсіруді арттыру көзделіп отыр, себебі импорттың 70%-ы бізге маусым емес кезде келеді. Біз бұл мәселелерді еуразиялық технологиялық платформалар аясында қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, Қазақстан мен Беларусияның қолдауы аясында Ресейде толық өндіріс циклі бар жоғары технологиялы жылыжай кешені құрылысының инновациялық пилоттық жобасы жасалды. Жобаны Еуразиялық даму банкі қаржыландыруы мүмкін», – деп атап өтті ЕЭК дамертаментінің директоры.
Одақтас мемлекеттер көбіне шикізатты экспорттап, дайын өнімді импорттайды. Мысалы, 2016 жылы сырттан консервіленген көкөністер жалпы сомасы 260 млн долларға әкелінген.
«Бұл өніммен өзімізді жергілікті өндіріс арқылы толығымен қамтамасыз ете аламыз», – деп сендірді С. Бубен.
ЕЭК-тың болжамы бойынша, 2018 жылы 2016 жылдың деңгейіне қарағанда егін алқабы мен көкөніс өндірісі 11%-ға өседі деп күтілуде, бұл өз кезегінде одаққа мүше мемлекеттер халқының бар қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.