04.04.2017
Конференция Еуразиялық экономикалық комиссияның семинарлары мен дөңгелек үстелдері желісінің алғашқысы болды. Олардың қорытындысы бойынша ортақ дәрі-дәрмек нарығын реттеудің ортақ шешімдері саласында құжаттар қабылданады. Жақын арада мұндай шаралар Қазақстан мен Белорусияда, 2017 жылдың ортасына қарай Армения мен Қырғызстанда өткізіледі.
«Одаққа мүше мемлекеттердің барлық мемлекеттік органдары бекітілген заңнамалық актілерді мақұлдап, сараптама жүргізу, зертханалық бағалау, дәрі-дәрмектерді сынақтардан өткізу сынды ортақ ережелерді қатаң ұстануы тиіс», – деп атап өтті А. Шаққалиев.
Жиын барысында дәрілердің бағасын реттеудегі ортақ әдістер талқыланды. Дәрілік заттарды сәйкестендіргіш белгілермен таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосу мерзімі туралы да айтылды. Бұл тәжірибе дәрілік заттардың қозғалуын 2018 жылы бақылауға мүмкіндік берсе, 2019 жылы бұл процесс толығымен ашық жүргізілетін болады.