29.03.2017
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялық ЕАЭО елдеріндегі экономикалық өсіміне әсер етеді. Бұл байланыс пен коммуникация саласындағы министрліктер мен ведомстволардың АКТ саласында келісілген саясаттың бірыңғай әдісін қалыптастыру жұмысына қатысты жауапкершілігін арттырады», - деді ЕЭК ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттандыру, ішкі нарық жөніндегі коллегия мүшесі Карине Минасян.
АКТ саласында келісілген саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін министрлер ЕАЭО-ға құқықтық актілерді қабылдап, мақсатты жұмыс істеуді нақтылады.
Белгілі болғандай, ЕАЭО ықпалдасқан ақпараттық жүйені дамыту – мемлекет мүшелерінің 2017 жылға арналған басым міндеті болып табылады.
Кеңестегі басты мәселе ЕАЭО цифрлық күн тәртібінің талқылануы болып отыр. Цифрлық күн тәртібінің жүзеге асырылуы 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін нақтыланып, 15 мамырға дейін дайын болады.
Айта кетейік, 2017 жылдың 1 наурызында комиссия 75 жоспарланған 31 ортақ технологиялық құжаты нақтыланды. 2017 жылдың алғашқы жартысында әрекетке 10 ортақ үрдіс енгізіледі.