• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕЭК ЕАЭО Қаржы жүйесін мониторингілеудің талдау орталығын құрмақ 16.03.2017

Ұйым мүшелерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында «ЕАЫ ҚБҚ  Жаһандық қаржы жүйесін мониторингілеудің талдау орталығын құру туралы шешім қабылданды.

Бүгінде цифрлық экономиканың жаңа желілік сәулетін дамыту ең жаңа тренд болып табылады. Ашық деректер саясаты азаматтар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті, көрсетілетін қызметтердің ауқымды тобы бойынша сенімнің жаңа деңгейін қалыптастырды. Тұжырымдамалық өзгерістер еларалық қаржы нарықтарында, жеткізу каналдарында, g2g, g2b және b2b сервистерінде, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларында орын алады. Осыған орай, ұлттық экономикалардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі маңызды міндет болып табылады.

ЕЭК қаржы саясаты департаменті ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың қаржы-банк қауымдастығымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Жаһандық қаржы жүйесін мониторингілеудің талдау орталығын құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Жаһандық қаржы жүйесін мониторингілеудің талдау орталығы әлемдік дәрежедегі цифрлық қуаттылықтарды, инновациялық қаржы сервистерін және жоғары кәсіптік зерттеу қоғамын біріктіруге арналған. Қазір орталықтың құрылымы мен инфрақұрылымы қалыптасуда. Портал іске қосылғаннан кейін онда тақырыптық және функционалдық тізілімдер ұсынылатын болады. 


Back to the list