07.03.2017
ЕҮАК жұмысы аясында Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар, шекара, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ертең ЕуразЭО-ға мүше елдердің Үкімет басшыларының Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуі жоспарланған.
Айта кетейік, Үкіметаралық кеңес – Одақ елдерінің Үкімет басшыларынан құралған ЕуразЭО органы. ЕҮАК ЕуразЭО туралы Келісімшартты, халықаралық келісімшарттарды және Жоғарғы кеңестің шешімдерін жүзеге асыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.