06.03.2017
«Жаңа энергия үнемдейтін және экологиялық технологияларды ұтымды енгізу өндірістік шығыстарды қысқартуға, өнім мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын азайтуға, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бес елдің осы саладағы күшін үйлестіру арқылы олардың тиімділігін едәуір арттыруға болады», – деп санайды Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министр) Адамқұл Жүнісов.
Іс-шараға қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссияның энергия қауіпсіздігі, энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және экология саласындағы қызметін кеңейтуді, сондай-ақ осы салаларда одан әрі ынтымақтастық жасау жөнінде ұсыныстар дайындауды орынды деп тапты. Ол үшін ЕАЭО туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Осылайша, конференция нәтижелері бойынша Комиссияның, ғылыми қоғамның және ЕАЭО елдері мемлекеттік органдарының энергетикалық қауіпсіздік және оның индикаторларының мониторингі үшін тәуекелдерді бағалаудың жалпы тәсілдерін анықтау, энергетикалық жабдық жұмысының сенімділігін арттыру, кадрлар даярлау, сондай-ақ жылу және электр энергиясы өндірісіне заманауи технологиялар енгізу жөніндегі бірлескен жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды.
Атап айтқанда, осындай конференцияларды кемінде жылына бір рет өткізу болжанады. Онда қабылданған шешімдер Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі салалық топ мүшелеріне ұсынылады.