04.03.2017
"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" ЕАЭО техникалық регламентін қабылдау ЕЭК Кеңесінің маңызды шешімдерінің біріне айналды.
Құжат одақта шығарылатын химиялық өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды, сондай-ақ оның сәйкестігін бағалау қағидалары мен нысандарын, сәйкестендіру қағидаларын, терминологияға, маркалауға және оны белгілеу қағидаларына қойылатын талаптарды айқындайды.
Техрегламент одақ аумағында пайдаланылатын химиялық заттар мен қоспалардың тізілімін қалыптастыру мен жүргізуді көздейді. Оның тізілімге енгізілуі мемлекеттік хабарлама тіркеуді алу үшін негізгі фактор болып табылады.
ЕАЭО жаңа Кеден кодексімен бірге уәкілетті экономикалық операторлардың сыртқы экономикалық қызметті жүргізу шарттарын, кеден органдарының одақтың кеден аумағынан тауарларды шақыруын растау тәртібін, жеке тұлғалардың өз пайдалануына арналған тауарларды тасымалдау қағидаларын регламенттейтін 22 жоба күшіне енуі тиіс.
ЕЭК Кеңесі 2 сәуірге дейін "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарықтарының жұмыс істеуі" ақпараттық ресурсында "Ақ кітап" - "ЕАЭО тосқауылдары, өндіріп алулары мен шектеулері" баяндамасын жариялау туралы шешім қабылдады.
Баяндамада "жол карталары" - өндіріп алулар мен шектеулерді қысқартуға мүмкіндік беретін іс-шаралар жоспары қалыптастырылатын 60 тосқауылдан тұратын тізбе ұсынылған.
ЕЭК Кеңесі әрбір отырыста мүше мемлекеттердің келісуі мәселесін қарауды шешті.
ЕЭК қабылдаған шешімдер Еуразиялық экономикалық одақта бизнес жүргізу шарттарын оңайлатуға бағытталған және халықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз етуге ықпал етеді.