02.03.2017
Алқа мүшелері «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентіне бірқатар ережелердің, соның ішінде бекітілмеген аса күшті магниттері мен шағын көлемді магниттері бар ойыншықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарының енгізілуін мақұлдады. Тыйым салу мұндай магниттердің балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болуымен байланысты.
«Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентінің өтпелі ережелері белгіленген, олар 2018 жылғы 18 сәуірде күшіне енеді. Регламентте «қозғалыс кезіндегі жабдыққа» қатысты бірыңғай міндетті талаптар көрсетілген.
Бұдан бөлек, ЕЭК Алқа мүшелері 2018 жылғы 1 наурызда күшіне енетін «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарындағы қауіпті заттардың пайдаланылуын шектеу туралы» ЕАЭО техникалық регламентінің өтпелі ережелерін бекітті.
ЕЭК Алқасы қабылдаған шешімдер жалпы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бизнес жүргізу шарттарын оңайлатады, халықты қауіпсіз әрі сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге ықпал етеді.