• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысы  ЕАЭО елдеріне 401 млн доллардың өнімін экспорттады 27.02.2017

«2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда  Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 890401,5 мың  АҚШ  долларын  құрады, оның ішінде экспорт – 401393,6 мың АҚШ  долларын, импорт – 489007,9 мың  АҚШ  долларын құрады», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 89% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 18% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 16%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 26% әкелінеді.

 


Back to the list