• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қарағанды облысының Ресеймен өзара  сауда айналымы 92,5%-ды құрады 24.02.2017

Өткен жылы Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен өзара саудасы 1385,5 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт - 723,5 млн. АҚШдоллары, импорт – 662 млн. АҚШ доллары.

Ресеймен қызу сауда (өзара сауда көлемінің 92,5%) жүргізіледі.

Қарағанды облысы ЕАЭО мемлекеттеріне тегіс прокат (бүкіл экспорттың 63%), сондай-ақ тас көмір, брикеттер,шекемтастар мен тас көмірден алынған сол сияқты қатты отын түрлері ( 11%), кен және цинк концентраттары (5,7%) жеткізіледі.

ЕАЭО мемлекеттерінен облысқа түрлі тауарлар жеткізіледі. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында импорт құрылымында қара металл өнімдері басым, әкелінген тауарлардың жалпы көлемінің 6,4%, тегіс прокат – 5,8%, пластмасса мен одан жасалған өнімдер – 5,5%.

 


Back to the list