17.02.2017
ЕАЭ түсіндіріп өткендей, құжатта 2020 жылға қарай табиғи және жасанды су қоймаларында, сондай-ақ, арнайы жасалған теңіз плантацияларында балықтарды, шаян тәрізділерді, ұлуларды, балдырларды өндіруді, көбейтуді және өсіруді екі есе ұлғайту ұсынылады.
«ЕАЭО балық саласы шағын индустриялық нысандар – балықты жыл бойы өсіруге арналған шағын фермаларды ашу үшін жақсы әлеуетке ие және тұжырымдамада осыған ерекше назар аударылған: «Осы әлеуеттің іске асырылуы бірқатар өзекті салалық міндеттерді шешуге көмектеседі. Біріншіден, өңірдегі тұтынушыларды жылдың кез келген уақытында жаңа ауланған балық өнімімен қамтамасыз ету; екіншіден, жаңа өндірістер – бұл жұмыс орындары және халықтың баламалы жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; үшіншіден, экологиялық жүктемені төмендету», – деді ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Станислав Бубен.
Сарапшының айтуы бойынша, осы тұжырымдаманы іске асырудың күтілетін нәтижесі 2020 жылға қарай аквамәдениет өнімінің өндірісін 350 мың тоннаға дейін ұлғайту болмақ.